— Біз Қаржы министрлігінің бастамасын қолдаймыз және өз ресурстарымыз бен аудиторияларымызды, онлайн алаңдарымызды, тәлімгерлерімізді ақысыз негізде ұсынамыз. Біздің аккредиттелген оқу орталықтарымыздың Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесе отырып бизнесті кезең-кезеңмен дайындауға арналған жол картасын әзірлеп жатыр, — деді ол Үкімет отырысында.
Оның айтуына қарағанда, одақ өкілдері Астана мен аймақтарда жаңа салық талаптары туралы семинарлар мен онлайн курстар ұйымдастырмақшы.
— Кәсіпкерлерге арналған әдістемелік ұсынымдарды, тексеру парақтарын дайындаймыз. Әрбір кәсіпкер жеке көмек алатын онлайн кеңес беру алаңдарын іске қосамыз, — деді Мереке Жұматов.
Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында микро және шағын бизнесті қолдау шараларын талқыланды.