- Алдын ала ақпарат бойынша, 2016 жылы 25 шілдеде күндіз Ленинград облысы Тихвинский ауданындағы шаруа қожалықтары бірінің аумағында жайылып жүрген бұқа осы шаруашылық иесіне шабуыл жасаған. Жапа шегушіні жерге құлатқан бұқа иесінің кеуде тұсына, басына зақым келтірді, - деп хабарлады РФ ТК өңірлік басқармасынан.
Алынған жарақаттар салдарынан фермер оқиға орнында қаза тапты. Бұқаны ажал құшқан адамның ұлы мылтықпен атып өлтірді, деп жазды life.ru.