Бұқаралық ақпарат құралдары рейтинг қумауы керек - Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы

None
АЛМАТЫ. 27 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекеттік медиа саласына қатысу мен мемлекеттік тапсырыс екі түрлі мәселе. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қалианбеков бүгін Алматыда «Контент, технологиялар және табыс табу үрдістеріндегі өзгерістер» деген тақырыппен өтіп жатқан Қазақстанның БАҚ нарығын дамыту мәселелері жөніндегі VI конференцияда айтты.
«Бірінші желтоқсаннан бастап бүкіл телеарналар 50/50 ережесін қатаң сақтайтын болады. Оны министрдің өзі қатаң бақылауға алды. Мемлекеттік тапсырыс жүйесі өте тиімді деп ойлаймын. Ол пайда табу көзі емес. Бұқаралық ақпарат құралдары рейтингті қумауы керек», - деді Б. Қалианбеков. Оның айтуынша, медиа саласына қатысу мен мемлекеттік тапсырыс екі түрлі мәселе. Мәселен қазір ақпарат құралдары құқық қорғау органы қызметкерінің көлікпен баланы басып кеткенін көрсетеді де, оның 24 сағат жұмыс істегенін көрсетпейді. Сондықтан мұндай жәйттардың жай-жапсарын толық ашып көрсету қажет. Қазір бұл мәселелерге қатысты әртүрлі ұсыныстар түсіп, олар қарастырылуда.