Бұқаралық ақпарат құралдарының әрі қарай дамуына ықпал етеміз - Мәжіліс депутаты М.Әшімбаев

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты қандай заңдар керек, қандай шараларды атқару қажет деген мәселелер төңірегінде ойлану керек.

Жалпы бұл мәселе бойынша біз депуттармен ақылдасып, бұқаралық ақпарат құралдарының әрі қарай дамуына ықпал етеміз деген ойдамын», - деді бүгін Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев, 5-інші шақырылған Парламенттің 1-інші сессиясынан соң журналистерге берген сұхбатында.

Оның пікірінше, Мәжілістегі партиялар арасында өзара түсіністік пен келісім болады. «Кез-келген партияның жақсы ойлары мен пікірлері тиісті заңдар мен құжаттардан көрініс табады. Біз басқа партия өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста, бірлескен түрде жұмыс істейміз деген ойдамын»,-деді депутат.