Guardian басылымының жазуынша, қазылар алқасының басым даусымен жазушының «Финклердің мәселесі» романы үздік деп танылды.
Бұл Якобсонның мансабындағы он бірінші үлкен туынды. «Финклердің мәселесі» романы - Букер сыйлығының тарихында осы наградаға ие болып отырған алғашқы комедиялық туынды.
Лауреатты 50 мың фунт стерлинг (80 мыңдай доллар) ақшалай сыйлық күтіп тұр.