«Дәл осы күндері жұрттың аузынан түспей тұрған тақырыпқа байланысты ұзақ айтып жату артық деп ойлаймыз. Бүкіл ел, бүкіл халық қазір бір идеяның, бір ұсыныстың төңірегінде жұдырықтай жұмылып отыр. Барлық буын өкілдері, барлық топ өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің осы ұсынысын көкейге әбден қонымды деуде», - деді ол.
Оның атап өтуінше, кезектен тыс президенттік сайлау бастамасын еліміздегі барлық саяси күштер де қолдап, еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының бетінде де осы мәселеге қатысты оң көзқарас қалыптасқан.
«Қай жағынан қарағанда да бұл - өте орынды. Біріншіден, бір жылда екі сайлауды өткізу Конституцияға қайшы екендігін айтудың өзі жеткілікті. Екіншіден, қазіргі әлемде қалыптасып отырған жағдай. Біз өзіміздің мемлекетіміз үшін тағдыршешті мәселені осы кезде, ерте жарықта шешіп, жасампаздық жолымызды жалғастыруға мүмкіндік алуымыз керек екендігін көрсетеді. Сондықтан бұл ұсынысты біз толық қолдаймыз», - деді С.Абдрахманов.
Оның айтуынша, «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде кезектен тыс президенттік сайлауға қатысты материалдар күнделікті жария етілуде.