Бүкіл өмірім бүгінгі Елбасымен 1 сағаттық кездесуіме тең - М.Ширханова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіл өмірім бүгінгі Елбасымен 1 сағаттық кездесуіме тең, дейді Ақордада Халықаралық әйелдер күніне орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесуіне қатысқан сағат жөндеу шебері Мавлюда Ширханова.

«Ата-бабамнан қалған сағат жөндеуші мамандығын жалғастырып келемін. Менің бүкіл өмірім бүгінгі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бір сағаттық кездесуіме тең десем артық айтқаным емес. Алматыдан келгенше бұл жүздесуді әзіл әрекеттей сезініп келген едім. Жүрегімде қуаныш, сезімімді жеткізу қиындау болып тұр», - деген ол барша қазақстандық әйелдерде келе жатқан 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, отбасыларына бақыт тілейтіндігін жеткізді.

Айта кетейік, М.Ширханова Алматы қаласында сағат жөндеу шебері болып жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін ол 250 мыңнан астам сағат жөндеген. Ата-бабасынан мұра болып қалған сағат шебері мамандығын ұлы мен немересі де жалғастырып келеді.