Бүкіл республикалық маңызы бар автожолдар ашық

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 желтоқсаннан 20 желтоқсанға қараған түні Батыс Қазақстан және Ақтөбе өңірлерінде республикалық маңызы бар тасжолдардың бірнеше учаскелері жабық болған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәліметінше, жолшылар қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып, көктайғаққа қарсы 200 м3-тен астам материал пайдаланған.

Республикалық маңызы бар автожолдарда арнайы техника жұмысын жалғастырып жатыр.

Желіде 200-ден астам жолшы еңбектеніп жүр. Республикалық маңызы бар тасжолдар ашық.