АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық тестілеу орталығы республика бойынша бүкіл жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы 20 маусымда жұмыс істей бастағанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2023-2024 оқу жылына талапкерлерден құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.
ЖОО-лардың қабылдау комиссиясының тізімі және байланыс нөмірі туралы қосымша ақпарат testcenter.kz сайтында және орталықтың Telegram арнасында жарияланған.
Ресурсқа кіріп, тізімді жүктеп алуға болады.
Айта кетейік, мемлекеттік грант конкурсына өтініш қабылдау 13-20 шілде аралығында өтеді.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.