«Қазақстан үшін бұл бюджеттік қолдау заёмы Қазақстан Республикасының Үкіметі қолға алып отырған экономикалық саясат пен реформалардың ағымдағы бағытына Бүкіләлемдік банктің жоғары дәрежедегі сенімін дәлелдейді, - деп атап өтті Бүкіләлемдік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Мото Кониши. - Қазақстанда Бүкіләлемдік банктен басқа да көздерден қаржы алуына мүмкіндігі болуымен қатар, бұл заём Бүкіләлемдік банктің даму саласындағы әріптес ретінде Қазақстан Үкіметіне сенімі жоғары екенін көрсетеді».
20:02, 26 Мамыр 2010
Бүкіләлемдік банк Қазақстанға ағымдағы экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін 1 млрд. АҚШ доллары көлемінде заём бөледі
АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік банктің атқарушы директорлар кеңесі мамырдың 25-інде қаржылық тұрақтылықты және орнықты өсімді қамтамасыз ету үшін 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде Қазақстан Республикасына бюджеттік қолдау заёмын мақұлдады, деп хабарлады Вашингтоннан банктің баспасөз қызметі.