Оның айтуынша, қазіргі уақытта 8 ел жарысқа қатысуға келісім берді. Оның ішінде Орта Азия елдері, Түркия және Кавказ елдері бар, деп хабарлайды news-asia.ru.
«Жуырда Ыстамбулда аталған ойындар бойынша кезекті жиналыс өтті. Жобаның басты мәні - ұл тарихын сақтауға үлес қосу. Жарыстар әр жылы әр елде өтеді және сол елдің ойын ережесі бойынша өткізіледі. Осылайша әрбір ел өзін және өз дәстүрін әлемге паш ете алады», - дейді Қырғызстан Ұлттық ойындарды дамыту орталығының басшысы.
«Бұл жарыстар Олимпиада ойындарының баламасы болмақ. Біздің міндетіміз ұлттық спорт түрлерін әлемге таныту", - дейді "Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары» жобасының жетекшісі.
«Біздің ойымыз жаңа бренд жасау. XX ғасырда FIFA, UEFA, NHL, WBC сынды мега-брендтер туды. Жаңа ғасырда жаңа спорттық бренд - "Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары» пайда болады. Осы ойынды өз елінде өткізуге ниет білдіріп жатқан елдер күннен күнге көбеюде», - дейді «Бүкіләлемдік этноойындар» қорының президенті. Жарыстар "кок-бору", "ат-чабыш", "оодарыш", "ордо", "тогуз-коргоол", "курош" сынды ұлттық спорт түрлері бойынша өтеді. Оған қоса, қатысушы елдердің ұлттық ойындары, қыз қуу, тиын алу, садақ ату, батырлар сайысы, аң аулау ойындарынан жеңімпаздар іріктеледі.