Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылған ерекше қорғалатын табиғат аумағында заң бұзушылықтар орын алуда - «Жасыл қорғаныш» экологиялық қоғамының төрағасы

АЛМАТЫ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ерекше қорғалатын табиғат аумағында заң бұзушылықтар орын алуда. Оны «Жасыл қорғаныш» экологиялық қоғамының төрағасы бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«2008 жылдың 30-шы қарашасында «КЕГОК» АҚ-ы «Шарын» және «Алтынемел» ұлттық парктерінің жерінде 220 кВ электр жеткізудің жоғары вольтты желілері құрлысының жобасын жасады. «Жасыл қорғаныш» экологиялық қоғамының төрағасы Сергей Куратовтың айтуынша, компания Бүкіләлемдік банкке бұл жобаны қаржыландыруға өтініш берген. Осыған байланысты олар наурыз айында Бүкіләлемдік банкке арнайы хат жолдағанымен, әзірге тек сырғытпа жауап қана алған. «Бұл жоба Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келеді. Заң бойынша ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында мұндай стратегиялық нысандар салуға қатаң тыйым салынған. Сонымен қатар, «Алтынемел» мемлекеттік- ұлттық паркі ел Үкіметінің ұсынуымен Бүкәлемдік мұралардың алдын-ала тізіміне енгізілген. Ал «КЕГОК»-тың бұл жобасы ведомствоаралық ортамен еш келісілмеген», дейді төрағаның орынбасары Сергей Солятник. Оның айтуынша, энергетиктер ұлттық парктерге жауап беретін құзырлы орган саналатын Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы комитетімен де келіссөз жүргізбеген.