Бүкіләлемдік ойындарда қазақстандық Галина Дуванова «күміс» алды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы Бүкіләлемдік ойындарында қазақстандық Галина Дуванова джиу-джитсуден күміс медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол финалға дейін жетіп, онда испаниялық спортшыға есе жіберіп қойды. Нәтижесінде күміс жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық каратэ-до шебері Софья Берульцева Бүкіләлемдік ойындарда 68 келіде финалда испаниялық Мария Торрес Гарсиядан басым түсіп, чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын. https://lenta.inform.kz/kz/bukilalemdik-oyyndarda-medal-sany-zhoninen-kazakstan-on-tortinshi-orynga-koterildi_a3953101

Екі медаль алған Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 35 орында келеді. Көш басында Германия, Италия, АҚШ құрамалары тұр.

Ел құрамасы сапында 16 қазақстандық кикбоксинг, садақ ату, муай-тай, джиу-джитсу, спорттық акробатика, брейкинг, каратэ-до секілді спорттың сегіз түрінен жүлдеге таласады.

Әлемнің 110 елінен келген 3500-ден астам атлет 34 спорт түрінен 223 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Бүкіләлем ойындар 17 шілдеде мәресіне жетеді.