Бүкіләлемдік сәулет фестивалінің қорытындысы бойынша Доха мешіті ең үздік жоба атанды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік сәулет фестивалінің қорытындысы бойынша 2015 жылдың «Дін» аталымы бойынша ең үздік архитектуралық жоба марапатын Катар араб республикасының астанасы Дохадағы қос мұнаралы мешіт иеленді.

Ғибадатхана ғимараты соңғы ғылыми технология және инновация жетістіктері арқылы тұрғызылған, деп хабарланған «Нұр Астана» мешітінің сайтында. Құлшылық үйі «Білім қалашығы» ауданындағы «Хамад бин Халифа» университетнің ауласында орналасқан. «Катардағы исламтану факультетінің мешітінде» бес ғылыми орталық бар.