Бүкіләлемдік су тапшылығының шешімін тапқан кісіге 1 млн. доллар сыйақы беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - БАӘ Премьер-министрі мен Дубай басшысы аталған мәселені шешу жолдарын ұсынған өнертапқышқа 1 млн. доллар көлемінде халықаралық грант бөліп отыр, деп жазады e-islam.kz.

Сонымен қатар Дубай шейхі Мұхаммад бен Рашид әл Мақтум күн энергиясын пайдалана отырып су тапшылығын реттейтін инновациялық арзан жобалардың қорын құрғанын мәлімдеді. Биылғы Рамазанның құрметіне Дубай судан тапшылық көріп отырған әлемдегі 5 млн. халықты таза сумен қамтуға қаржы қорын жасақтаған. Бұл жобаға әмірліктің тұрғындары, жеке кәсіпкерлер мен меморгандар қатынасқан болатын. 18 күннің ішінде 48 млн. доллар жиып үлгерген Дубай басшылығы бұл қаражатқа су зардабын тартып отырған аймақтарға насостар орнатып, су ұңғымаларын салуды жоспарлап отыр.