Бүкіләлемдік Жер күніне бір айдан аз уақыт қалды

/strong>Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Халықаралық Жер күнін тойлауға бір айдан аз уақыт қалды. Дәстүрлі экологиялық және спорттық іс-шаралар сәуір айының 22 -сі күні өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл Жер күні «Миллиард «жасыл» іс» ұранымен, өзінің 40 жылдығын ерекше атап өтпек.

Бұл күні мыңдаған ұйымдастырушылар және әлемнің 180 еліндегі топтар әр түрлі акциялар, шерулер, байқаулар, фестивальдер,семинарлар мен конференциялар, велотурлар мен жорықтар және тағы да басқа іс-шаралар өткізеді. Оған бес құрылықтың жүз миллионнан астам адамы қатысады.

Бұл атаулы күннің мақсаты - адамзат тарапынан қоршаған ортаға келіп жатқан зиянға жұртшылықтың назарын аудару.