Букмекерлер: «Барыс» пен «Трактордың» алтыншы матчта мүмкіндіктері тең

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада қазақстандық «Барыс» пен челябілік «Трактор» арасында Гагарин Кубогының бірінші раунд сериясының алтыншы матчы өтеді.

Vesti.kz хабарлағандай, букмекерлік конторалардың пайымынша, бұл матчта «Барыс» пен «Трактордың» жеңіске деген мүмкіндігін тең деп бағалауға болады. «Барыстың» жеңіске жету коэффициенті - 2.86, «Тракторда» - 2.35.

Бес матчтан кейін челябілік команда алда келеді, есеп - 3:2. Челябіде өткен екі матчта «Барыс» 4:3 және 5:3 болып екі рет жеңіске жетті, ал кейін Астанада 1:3 және 2:3 болып ұтылды. Бесінші матчта қарсыластар қазақстандық командадан 6:3 есебімен басым түсті.

Еске салайық, серияның алтыншы матчы Астана уақыты бойынша 17:00-де басталады. Тікелей көрсетілімді «Астана» телеарнасы жүргізеді.