Букмекерлер болжамы: «Легия» - «Астана» матчы қандай есеппен аяқталмақ
15:18, 02 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні «Легия» және «Астана» командалары арасында чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы өтеді.
1XBET букмекерлік кеңсесі бұл ойынның нәтижесі - 1:0 және 1:1 болуы мүмкін деп есептейді. Оның коэффициенттері - 7, 2:1 - 8, 2:0 - 9, 0:0 - 9.5.
Кездесу 00.45-те басталады. Матч «Kazsport» телеарнасынан тікелей көрсетіледі.