Букмекерлер Головкин-Альварес қарымта жекпе-жегіне бәс қабылдауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1XBET букмекерлік кеңсесі Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жегінің коэффициенттерін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин жеңісінің коэффициенттері - 1.77, Альварес жеңісіне - 2.13, теңбе-тең - 25.

Айта кетейік, 16 қыркүйек күнгі Лас-Вегастағы бірінші жекпе-жек тең аяқталып, қазақстандық боксшының жеңіске мүмкіндігі жоғары деп саналды.

Қарымта айқас 2018 жылдың 5 мамырында өтеді деп жоспарлануда. Бұл жекпе-жекті қабылдауға үміткер ретінде тағы да Лас-Вегас таңдалып отыр.