Букмекерлер Головкиннің Стивенсті жеңетініне шүбә келтірмейді

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин американдық Кертис Стивенсті айқын басымдықпен ұтады.

Букмекерлердің көбі осындай пікірде, деп хабарлады Vesti.kz тілшісі.

«Олимп» букмекерлік кеңсесінің мәліметтері бойынша кездесудің есебі төмендегідей болады деп болжануда: Голвкиннің жеңісі - 1,13, Стивенстің жеңісі - 7,19.

Еске сала кетейік, кездесу 2 қараша күні Нью-Йорктегі әлемдегі ең танымал ареналардың бірі - «Медисон Сквер Гарденде» өтеді.