Енгізілген өзгерістерге сәйкес, бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғалар үшін аударымдарды жіберудің мынадай пропорциялары айқындалған:
— дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға 75 пайыз;
— олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына 7 пайыз;
— «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 5 пайыз;
— бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге 13 пайыз.
Қаулы 24 қазанда күшіне енеді.