«Менің жеңісім-елімнің жеңісі!» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған фестивальге облыс орталығындағы жоғары және арнаулы оқу орындары, жоғары сынып оқушылары, колледждер мен лицейлер жеткіншектері қатысып, бақтарын сынады. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйытқы болуымен өткен шаңғы сайысына екі жүзге тарта үміткер қатысты. Олардың бұл жолы мың метрлік қашықтықты еңсерулері қажет еді. Салуатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат тұтқан жас буын өкілдері ауа райының суықтығына қарамастан мақсат биігінен көрінді.
Жүзден жүйрік шығып, мәре сызығынан бірінші өткендер, жалпы шаңғы фестиваліне қатысқандардың барлығы да арнайы сый-сияпатқа иелік етті.