Бұқтарма су қоймасына екі автокөлік батып кетті
14:14, 20 Желтоқсан 2011
ӨСКЕМЕН. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бұқтарма су қоймасына екі автокөлік батып кетті, деп хабарлады ТЖ.
Оқиға жуырда болған. Күршім ауданының сүңгуірлері Казнаков өткеліне екі рет баруға мәжбүр болған. Бірінші оқиға Күршім ауданында тіркелген. Жағадан 200 метр жердегі су астына ВАЗ-2121 автокөлігі батып кеткен. Жүргізуші мен жолаушы көліктен шығып үлгерген.
Ал екінші оқиға 3 сағаттан кейін орын алған. Судың астына «Фольксваген» маркалы шағын автобус батып кеткен. Қуанышқа орай, жүргізуші мен жолаушы зардан шеккен жоқ.
Алдын ала жасалған болжам бойынша бірінші көлік 10 метр тереңдікте, ал екіншісі 18 метр тереңдікке батып кеткен. Сүңгуірлер екі оқиға орын алған өткелде кішкентай дабыл белгісін жасап қойды.