Бұқтырма өзенінде судың деңгейі 15 сантиметрге көтерілді - Шығыс Қазақстан

None
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Қаңтардың 5-індегі таңғы сағат 7.00-дегі жағдай бойынша Бұқтырма өзенінде судың деңгейі 15 сантиметрге көтерілді.

Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында Бұқтырма өзенін мұздың құрсауы салдарынан арнадан тасыған су Барлық ауылында үш тұрғын үйді, олардың қора-жайлары мен бау-бақшаларын су басып қалғанын, үш отбасы қауіпсіз жерге көшірілгенін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.

Әкімдік, төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінен штаб құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, 7 техника әзірлікке келтірілді.

Өзендегі анжыр елді мекеннің ортасына дейін жетті. Тағы төрт үйдің қора-жайлары мен бау-бақшаларын су басып алу қаупі бар.