Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына мұнай төгілгені туралы ақпарат тараған болатын.
Осыған орай өңірлік экология департаментінің мамандары тексеру жүргізді.
«Барлау барысында расымен де Бұқтырмадан майлы дақ табылды. Алдын ала дерек бойынша бұған су көлігінен жанар-жағармайдың ағуы себеп болған. Қазіргі уақытта Ұлан және Алтай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері су көлігін анықтау жұмысын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Экология департаментінің мамандары оқиға орнынан су сынамасын алды.
Дақтың нақты неден пайда болғаны зертханалық тексерулерден кейін белгілі болмақ.