Несиелік қаржы 15-20 жылға берілмек. Қазіргі кезде демалыс аумағында бір жазда 400 мыңнан астам адам демалған.
«Туризмді дамыту керек. Инфрақұрылымды біз жасап береміз. Ал кəсіпкерлер заманға сай демалыс орындарын салсын, сапалы қызмет ұсынсын», - деді облыс əкімі.
Қазірдің өзінде Семей əуежайы жөнделген, енді Өскеменнің, сосын Үржардың əуе айлақтары қалыпқа келтірілмек. Бұл келушілер ағынын арттыруға, қызмет сапасын жақсартуға септеседі.
Сондай-ақ, инфрақұрылымды өркендету саласында Өскемен мен Семейге су жаңа 255 автобус сатылып алынады, оларда электронды билеттеу жүйесі қолданылмақ.