«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің коронавирус жұқтырғаныңызды естігеннен кейін уайымдап отырмыз. Сіз осылай ашық жүргеніңізде «неге ошауланбайды, неге бір топ адаммен отырады?» деп ойлаушы едім. Сізге тілейтінім: осы ауруды жеңіп шығыңыз. Нұреке, тез жазылыңыз. Деніңіз сау, өміріңіз ұзақ болсын! Мұндай ауру ешкімге жақын келмесін!» - деп тілегін білдіреді қазақтың бұлбұл әншісі видеожолдауында.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президентінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Фото: zhalagash-zharshysy.kz