Бұл бастама қоғамда өте қызу талқыланып жатыр және жан-жақты қолдау табуда - Ерлан Қарин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл бастама қоғамда өте қызу талқыланып жатыр және жан-жақты қолдау табуда, дейді Мәжілісі депутаттарының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бас­тама көтерген үндеуі жайында Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин.

«ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бас­тама көтерген үндеуі жан-жақты таразыланған шешім деп айта аламын. Бұл, сарапшылардың пікірлерінше, кездейсоқ қабылданған шешім емес. Осы мәселе төңірегіндегі пікір алмасулар сарапшылар арасында, байқаушылар арасында соңғы екі-үш айдың көлемінде белсенді түрде талқыланды. Әлемдегі экономикалық күрделі дағдарыс, оның ел экономикасына ықпалы тұрғысынан келгенде, бұл, шын мәнінде, тіпті де кездейсоқтық емес. Біріншіден, бұл - заңды қалыптасқан жағдай. Екіншіден, дер кезінде көтеріліп отырған маңызды оқиға деп айту керек. Сондықтан бұл бастама қоғамда өте қызу талқыланып жатыр және жан-жақты қолдау табуда», дейді Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

Оның айтуынша жаңа сайлау еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге жаңаша бір серпін береді.

«Тек саяси-партиялық үдерістерге ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық-саяси талқылауларға да жаңаша серпін береді. Сондай-ақ, жаңа идеялардың, жаңа ойлардың көтерілуіне жол ашады. Сайлау қоғамның ішіндегі қордаланған өзекті мәселелерді сараптауға, талдауға мүмкіндік туғызады. Осының барлығы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың басшылығымен еліміздің әлемдік дағдарысқа қарсы жаңа саясатты іс жүзіне асыруына мүмкіндік береді. Сондықтан да біз, сарапшылар сайлау науқаны саяси-қоғамдық өмірдің жаңа бір серпіліс, жаңадан бір жандануына мүмкіндік беретін қазақстандық арманды фактор ретінде қарастырамыз», дейді Е.Қарин.

Сарапшының пікірінше, бастаманың «100 нақты қадам» - ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңінде оны іске асыруда жаңа құрамдағы Мәжілістің ықпалы зор болмақ.

«Еліміз жаңа кезеңге, 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңіне аяқ басты. Осындай кезде қазақстандық арманды іске асыру жолында жаңа құрамдағы Мәжілістің де ықпалы жоғары болатыны анық. Ендеше, Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасының қоғамдағы орны бөлек», деп атап өтті Ерлан Қарин.