«10,3 келі салмақтағы алтынды «Заря» алтын іздеушілер артелінде тау жыныстары үйінділерін тегістеп жатқан бульдозер машинисі тауып алды», - делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ, хабарламада алтынның Хабаровск өңірі аумағынан осы уақытқа дейін табылған алтындардың ішіндегі ең ірісі екендігі айтылған. Бұған дейін «Восток» алтын іздеушілер артелінен табылған 7,5 келі алтын ең ірі деп есептелген еді.