"Бұл энциклопедия әкеміздің 100 жылдығында жоспарланған болатын. Арада 15 жыл өтті. Бұл аз ба, көп пе деген сауал туады. Меніңше дер кезінде шығып отыр. Өйткені екі арада көптеген зерттеулер жарық көрді. Мәселен "М. Әуезовтің ата тегі" деген кітап шықты. Сондай-ақ Мәскеу, Санкт-Петербургтегі мұрағаттардан ғалымдарға бұрын беймәлім болып келген деректер қолымызға түсті. Олар бұл энциклопедияға енгізілді" - дейді Мұрат Мұхтарұлы. Ал абайтанушы Төлеген Ибрагимовтың айтуынша, қазақ рухының төлбасы - Абай, онан кейінгі ұлы тұлға - Мұхтар Әуезов.
"Мұхтар Әуезов энциклопедиясы" қазіргі энциклопедияның басы. Өйткені Мұхаң туралы қазір сөйлеушілер ойдан шығарып көп дүниелер айтады. Бұл жалаң сөздерді енді тоқтататын "Мұхтар Әуезов энциклопедиясы" болмақ.