деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол биыл "Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп!" деген тақырыппен ұйымдастырылды. "Дәстүрлі шара биыл Алматыда 17-ші рет өткізіліп отыр. Абайды сүйетін барлық алматылықтар бүгін осында жиналған. Жыл сайын біздің қарамыз ғана көбеймей, оқуымыздың сапасы да артып келе жатқан сияқты", дейді қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Кенжехан Матыжанов. Ал Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының 1-ші орынбасары Ғалым Жайлыбайдың айтуынша, қазақ ең әуелі Абайды тану керек. Абай арқылы содан кейін әркім өзін танитын болады. Бұл Абайдың рухына, Абайдың болмысына, Абайдың табиғатына тағы да бір тәу етіп, тағзым ететін күн. Ол қазақтың қасиетті қара өлеңіне сусындайтын күн.