Ол Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алды.
Шардара аудандық «Өскен өңір», республикалық «Жас алаш», «Ана тілі» газеттерінің, «Парасат» журналының тілшісі, «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, «Жас қазақ» республикалық газеті әдебиет және ғылым бөлімінің редакторы қызметтерін атқарды.
Ақынның бірқатар өлеңдері «Жас ақындар поэзиясының антологиясы», «Ауылдан ұшқан аққулар», «Толқыннан толқын туады» ұжымдық жинақтарына енген. «Метаморфоза», «Сынған сәуленің шағылысуы» жыр кітаптарының авторы.