«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу туралы өте маңызды және барлық қазақстандық қоғам үшін қажетті шешім қабылдады», - деп атап өтті ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов.
Қазақстан - демократиялық мемлекет. Елбасы стратегиясын тиімді және сәтті жүзеге асыру үшін барлық мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жаңғыруларға қарқынды серпін беру қажет.
«Тікелей жаппай дауыс беру жолымен және оған сенім мандатын беру арқылы халықтың өз Президентін сайлау үдерісі ел таңдаған бағыттың сабақтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл ішкі және сыртқы саясаттың негізгі векторларын жүзеге асырудағы конституциялық механизмдерді нығайтып, еліміздегі саяси жағдайларға, қоғамды тұрақтандыру мен біріктіруге оң әсер береді. Әлемдік қауымдастық алдында демократиялық реформалар жолымен келе жатқан мемлекет ретінде Қазақстанның беделін күшейтеді. Қазақстанда қажетті саяси институттар мен азаматтық қоғам құрылған, электоралды үдерістің оң тәжірибесі жинақталған. Қазақстандықтардың міндеті - өзінің азаматтық борышын орындап, лайықты үміткерді сайлау», - дейді Ғ.Мұтанов.
Ректордың айтуынша, еліміздегі ең ірі оқу орны - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау туралы шешімді толықтай қолдайды.
«Оқытушылар мен студенттердің мыңдаған қауымдастығы электораттың белсенді құрамы ретінде өзінің жауапты азаматтық позициясын танытып, Президентті кезектен тыс сайлауға белсенді қатысады және елдің өркендеуі үшін саналы таңдау жасайды», - деп атап өтті ҚазҰУ ректоры.