Бұл туралы бүгін таңертең Астанада №3 сайлау учаскесінде Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар мен мәслихат депутаттары сайлауына дауыс беру кезінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев айтты.
«Бұл сайлау елдің қоғамдық-саяси өмірініде маңызды рөл атқарады. Өйткені олар Қазақстанның 20 жылдығы тұсында өткізілуде. Меніңше, бұл сайлау - мемлекеттің демократиялық даму жолында жасалған келесі бір үлкен қадам болмақ», - дейді Қ. Саудабаев.
Мемлекеттік хатшының атап көрсеткеніндей, бүгінгі Парламент сайлауынан соң, шамамен алдағы 5 жыл электоралды емес кезең орнап, еліміздің үдемелі түрде ілгері қарыштауына мүмкіндік туады.
«Біз үшін мұндай қолдау өте қажет. Себебі әлемде экономикалық және әлеуметтік салалардағы проблемаларға байланысты түрлі қиын оқиғалар орын алуда», - деп түйіндеді сөзін Қ. Саудабаев.