Бұл сайлау менің өмірімде ерекше есте қалмақ - В.Семеняк, жас сайлаушы

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бұл сайлау менің өмірімде ерекше есте қалмақ. Бұл туралы Зеленов ауданы орталығы Переметный кентіндегі №155 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс берген жас сайлаушы, Орал гуманитарлық колледжінің студенті Валентина Семеняк мәлім етті.

Оның айтуынша, ересек тұрғындармен қатар жастар еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуы керек. Бұл жолы жастардың да Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттардың құрамына сайлануына толық мүмкіндік жасалып отыр.

«Бәрі де жастардың өздерінен байланысты. Елімізде, қоғамда болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарамай, өз көзқарастарын білдіріп отырғаны жөн. Соның бір көрінісі - осы сайлау. Біз қалаған партиялар мен кандидаттарды сайлау арқылы еліміздің болашақ дамуына үлесімізді қосамыз. Осы сайлаудан кейін Парламент пен мәслихаттарда жастардың үлес саны арта түседі деп ойлаймын», деді В.Семеняк.

Айта кетейік, он сегіз жасар сайлаушыға №155 сайлау комиссиясының төрағасы Есбол Абдолов алғысын білдіріп, ескерткіш сыйлықты табыс етті.