«Баршамыздың мүддеміз ортақ, бұл - тұрақты, біртұтас Қазақстан. Мемлекетіміздің Мәңгілік Ел атты арманын орындауға тиіспіз. Бірлік арқылы тұрақтылық та, тұрақтылық арқылы жасампаздыққа да жол ашылады. Бұл біздің айнымас қағидамыз. «Нұр Отан» берген уәдесін әрқашан орындап келеді, қазір де орындайтынына сендіреміз. Сол себепті халық қашан да «Нұр Отан» партиясына сенеді, қазір де сеніп отыр. Мен партиямыздың бұл сайлауда да халықтың жоғары сеніміне ие болатынына сенімдімін. Біз «Қазақстан-2050» стратегиясына жаңа ел болып, бірге жетуіміз керек. Мен Мәңгілік Елге айналатынымызға сенемін», - деді Н. Назарбаев.
13:30, 29 Қаңтар 2016
Бұл сайлауда да «Нұр Отан» халықтың жоғары сеніміне ие болады - Н. Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» саяси партиясының кезектен тыс XVII съезінде сөз сөйлеген партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның алдағы сайлауда халықтың жоғары мандатына ие болатынына сенім білдірді.