Бұл сайлаудың барша қазақстандықтар үшін орны бөлек - Ж.Балықов, БҚО

ОРАЛ. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бұл сайлаудың барша қазақстандықтар үшін орны бөлек. Оның маңызы да зор.

Біз еліміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасауымыз керек. Бұл туралы Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жәрдемғали Балықов мәлім етті.

Оның айтуынша, аудандағы 29 сайлау учаскесі сайлауды өткізуге дайын. Сайлау өткізетін орындар керек-жарақтармен толықтай қамтамасыз етілген. Байланыс телефондары орнатылды. Қазір ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жолдар тазаланып, бола келді. Қыстақтарға да жол аршылуда. Барлық округтермен байланыс жақсы. Қыстақтарға апарылатын жәшіктер де әзір тұр.

«Сайлау күні аудан бойынша 12040 адам дауыс бере алады. Барлық тұрғындар сайлау барысынан хабардар. Сондықтан олар өз құқығын пайдаланып, сайлауға қатысады деп сенеміз», - деді Ж.Балықов.