«Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Махамбет Бейдәлі бүгін Алматыда өткен «Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауының қорытындылары» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында осылай айтты.
«Еліміздің дамуы береке мен бірлікке байланысты. «Нұр Отан» ХДП қоғамның барлық өкілдерінің әл-ауқатын арттырып, ел экономикасын нығайту мен жоғары азаматтық белсенділікті көтеруді көздейді. Бұл жолда баршамыздың мақсатымыз ортақ, міндетіміз бір», - дейді Махамбет Бейдәліұлы. Оның айтуынша, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы Қазақстанның демократиялық бағыт-бағдарының айқындығын тағы да дәлелдеп берді. Оны қала тұрғындарының сайлаудағы белсенділігінен де көруге болады. Бұл таңдау бүкіл қазақстандықтардың жеңісі болды.