«Ержан Максим беделді Junior Eurovision ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!» деп жазды Президент twitter парақшасында.
00:08, 25 Қараша 2019
Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік- Президент Ержан Максимді құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Максимді Junior Eurovision ән байқауындағы жүлдесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.