Депутаттың айтуынша, бұл оқиға заң саласы бойынша бүкіл оқу орнында ерекше кейс ретінде оқытылады. Сондықтан рақымшылық туралы қандай да бір шешім қабылдар кезде міндетті түрде ескеріледі.
- Жаңа заң бойынша рақымшылыққа 40 мың адамның 15 мыңы ілігуі мүмкін, яғни сотталғандардың әрбір үшіншісі деген сөз. Бірақ 15 мың адамның ішінде тек 4,1 мыңын босату көзделген. Олардың көпшілігі - пробациялық бақылауда тұрғандар. Ал босатылатындардың саны – 630 адамның төңірегінде. Оған қоса, түрмеде жазасын толық өтеуге бір жыл ғана қалған 1 700 адам да бостандыққа шығады, - деді ол.
Сондай-ақ депутат бұл 2 мыңнан астам адам бостандыққа шыққан күннің өзінде қатаң пробациялық бақылауда болатынын айтты.
- Осы күнге дейінгі тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл - тәуелсіздік тарихындағы оныншы рақымшылық акциясы. Рақымшылыққа ілігіп шыққандардың ішінде қылмыстың қайталануы жоқ деуге болады, – деді Абзал Құспан.
Айта кетейік, Кеңес заманындағы сөз болған кезең туралы «1953 жылдың суық жазы» дейтін фильм бар.
Бүгін Мәжіліс Конституцияның 30 жылдығына орай жасалатын рақымшылық туралы заңды қабылдады.