«Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының хабарлауынша, оқиға 2018 жылғы 7 қазанда Ақмола облысы Бурабай ауданы аумағындағы Жасыл темір жол станциясының маңында тіркелген. Бір топ адам бұланның етін бұзу барысында мемлекеттік инспекторды көре сала орманға қашып кеткен» делінген хабарламада.
Оқиға орнынан мемлекеттік нөмірлері 4327 ЦЛА және 2359 СО ИЖ маркалы екі мотоцикл табылып, Бурабай АІІБ жедел тергеу тобы шақырылған.
«Бұл аумақ «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Қатаркөл орманшылығының 94 тоқсан күзет аймағына жатады. Аталмыш факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабы, 4-тармағы бойынша тіркелді. Келтірілген залалдың сомасы алдын ала 1 803 750 теңге деп бағаланып отыр», - деп хабарлайды Сәкен Ділдахмет.