Бұған дейін Вахитовск аудандық соты Инякина мен Ивашовты бір ай 29 күнге қамауға алған болатын. Оларға абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне соқтырған қауіпсіздік талаптарына қайшы келетін қызмет көрсеткені үшін айып тағылды.
РФ Тергеу комитетінің нақты мәліметтер бойынша, Волгаға батып кеткен «Булгария» кемесінің бортында 201 адам болған, оның 79-ы құтқарылып, 114 адам қаза тапты, сегіз адам із-түссіз жоғалып кеткен.
Қазіргі уақытта тергеушілер оқиға орнына тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Суға кеткен кеменің су бетіне көтерілген құжаттары мен заттарына, соның ішінде екі қайыққа тексеру амалдары жүргізілді. Кеменің өзін тексеру жұмыстары ол жер бетіне шығарылғаннан кейін басталады. Кемені арнайы шақыртылатын құзырлы қызметкерлер тексеретін болады», - деді Маркин.