«Бумер» фильміндегі актер қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында 52 жасына қараған шағында Ресей актері Игорь Арташонов қайтыс болды. «АртБюро» актерлік үйіндегі әріптестері оның қазасы туралы хабарды растады, деп жазады vesti.ru.

Ресейлік LifeNews сайтының хабарлауынша, актер өлімінің себебі әлі анықталмаған.

Игорь Арташонов көрерменге «Бумер-2» фильміндегі Паха рөлін сомдауымен жақсы таныс.