Бундестаг депутаттары Қазақстандағы этникалық немістердің мәселелерін талқыламақ

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2-3 ақпан күндері Бундестаг депутаттары Қазақстанда іссапармен жүр. Бұл туралы Германияның Астанадағы Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Германия Бундестагының мүшелері Хартмут Кошик пен Хайнрих Цертиг 2015 жылдың 2-3 ақпаны күндері Қазақстанда іссапармен жүр. Хартмут Кошик өз сапарын ГФР-ның Федералдық үкіметінің қоныс аударушылары мен аз ұлттардың істері бойынша өкілетті өкілі ретінде жүзеге асыруда», - делінген Елшіліктің хабарламасында.

Бұл сапар 2014 жылдың 12 қарашасында Берлинде Қазақстан-Германия арасында Қазақстан Республикасындағы этникалық немістердің істері бойынша өткен Үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысының жалғасы ретінде ұйымдастырылған. «Бундестаг депутаттары Германия мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастар және Қазақстандағы аз неміс ұлты бойынша саяси әңгімелесулер өткізеді», - деп нақтылады Германия Елшілігінен.

Соңғы жаңалықтар