Буниндік сыйлықтың сала-құлаш тізіміне 60 кітап енді

МӘСКЕУ. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - Буниндік әдебиет сыйлығына үміткерлердің сала-құлаш тізімі 2009 жылы 60 кітапқа жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Конкурсқа Ресейдің 22 аймағынан және Армения мен Мальтаны қоса алғанда 11 шет елден кітаптар жіберілді. Сыйлықтың қорытындысы Иван Буниннің туған күні қазанның 22-сінде шығарылады. Төрешілер бір алтын және үш күміс медальдің иелерін атайтын болады.

Бұған дейінгі жылдары Буниндік сыйлықтың лауреаттары Юрий Поляков, Вадим Месяц, Андрей Дементьев, Андрей Битов және басқалар болды.