Бурабай ауданының жаңа әкімі - Арай Садықов

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысы әкімінің өкімімен Президент Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Арай Серікбайұлы Садықов Бурабай ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Photo: press service of the Akimat of Akmola region

Ведомствоның мәліметінше, жаңа аудан басшысын облыс әкімі Ермек Маржықпаев таныстырды.

Арай Серікбайұлы 1980 жылы Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген.

Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын және Ақмола технология және бизнес университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Қостанай облысы Арқалық қаласының жеке құрылымдарында бастаған.

2023 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің өңірлік инспекторы болды.

Айта кетсек, бұдан бұрын тікелей эфирде тұрғындарды балағаттаған Щучье қаласы әкіміне қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатқандығын жазған едік.