«Астана қаласының туристік кластерін, оның ішінде медициналық, мәдени білім беру және іскерлік туризмді, Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту бойынша жол картасы әзірленді. Астана қаласында денсаулық сақтау, жоғары білім беру, мәдениет пен спорт нысандарын пайдалану тиімділігін және өзін өзі өтеуін арттыру шараларын әзірлеу жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында біз Қазақстан Үкіметінің тиісті шешімдерін дайындадық», - деді министр.
Оның дерегінше, Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жоспары 4 бөлім және 33 іс-шарадан тұрады. Оның ішінде инфрақұрылымдық және экологиялық мәселелерді шешу бойынша 17, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту бойынша 5, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 6, аймақтың туристік әлеуетін дамыту бойынша 5 шара көзделген.
«Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту шараларын іске асыруға 61,3 млрд теңге көлемінде қаржыландыру көзделген. Оның ішінде республикалық бюджет 58,2 млрд теңге, жергілікті бюджет 3,1 млрд теңге қарастырылған», - деді Мұхамедиұлы.