Бұл жолы фотоапарат объеактивіне папоротниктер алаңы түсірілген.
Сурет мəтінінде: «Алда соңғы шешуші қадам-«іргесін» бағындыру ғана қалды», деп жазылған.
Келесі суретте облыс əкімі Мəлік Мырзалиннің Көкшетау тауына көтеріліп бара жатқанын көруге болады. Мұнда аймақ басшысы: «Тау шыңынан Абылайхан алаңы мен Оқжетпес тауы кіп-кішкентай болып көрінеді. Сұлу əрі тамаша!!!», деп өзінің алған əсерімен бөлісуде.
Сонымен қатар, сұлулығымен адамды баурап алатын Бурабай курортының əсем табиғатына қаныққан аймақ басшысы өңірде туризмді дамыту мəселесін де естен шығармады.
«Ал, мынау Үлкен жəне Кіші шабақты көлдері. Үлкен шабақты көлінде көпшілік демалатын қазіргі заманға сай туристік база салу жоспарланған».
Баспасөз қызметінің əлеуметтік желідегі жазбасы Кіші шабақты көлінің жағасындағы демалушылар оң пікірін білдірген бейнежазбамен тəмəмдалып отыр.