«Бурабай ауданы әкімдігі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және Щучьедегі Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусы бірлесіп, «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тас жолының бойындағы Щучье қаласының блок бекеті мен «Қазмұнайгаз» жанар-жағар май құю стансасы кемпингінің автотұрағында қаңтарылып тұрған көліктердегі 300-ге жуық адамға ыстық тамақ таратты. Ыстық тамақ кадет корпусының «УАЗ» автокөлігімен жеткізілуде», - деді ведомстводан баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.
02:29, 29 Қаңтар 2020
Бурабай маңында қаңтарылған көліктердегі адамдарға ыстық тамақ жеткізілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Щучье қаласы маңындағы блок бекетте қаңтарылып тұрған көліктердегі адамдарға ыстық тамақ таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.