Бурабай мен Зерендіні жалғайтын жол жақында аяқталады

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында екі демалыс курортын жалғастыратын «Щучинск-Зеренді» тас жолының құрылысы аяқталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Марат Иғалиев өзінің facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ЕндіЗерендіге Щучинскіден тура баруға болады. Жол құрылысы аяқталып қалды», - деді М.Иғалиев.

Айта кетсек, Ақмола облысы аумағындағы республикалықмаңызы бар «Щучинск-Зеренді» тас жолының құрылысы 2017 жылы басталған болатын.Алғашқы жылы 7 миллиард теңге қаржы игерілсе, өткен жылдың жұмыс қорытындысыбойынша жол құрылысына 3,3 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды.

Ені 3,5 метр және екі қозғалыс жолағынан тұратын, ІІ жәнеІІІ санатқа жататын жол көліктердің сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүруінеарналған.

Ұзындығы 80 шақырымды құрайтын тас жол бойында 63 суөткізетін құбыр, 2 демалыс алаңы мен 4 автобус павильоны, одан бөлек 15 шақырымқарды ұстайтын және 14 шақырым барьерлікқоршау қарастырылған. Аталған тас жол Златополье, Савинка, Веденовка, М.Ғабдуллин,Серафимовка және тағы басқа елді мекендердің үстінен өтеді


Соңғы жаңалықтар